
Үлкен экрандарға төл тілімізде шығатын аталмыш фильмнің режиссері Данияр Саид, продюсері жерлесіміз Сиви Махмуди.
«Соқыр Махаббат» фильмінде басты рөлдерді – Сиви Махмуди, Ренат Басит, Жан Байжанбаев, Серікбол Сайлаубек сияқты актерлер сомдады.
Фильм туралы қысқаша айта кететін болсақ, Арлан атты жігіт (Ренат Баситов), тағдырдың тәлкегінде әбден тербеліп, барша қайғы-мұңды басынан кешіріп, көру мүмкіндігінен айырылған Анельге (Сиви Махмуди) ғашық болып қалады. Алайда бірін-бірі құлай сүйген қос ғашыққа тағдыр талай сынақ дайындап қойған екен. Кейде сүйетініңді дәлелдеу үшін, сезіміңді құрбан етуге тура келеді, махаббаттың өтеуі сондай!