«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 10 мың бас мал сатып алынды

45

0

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 10 мың бас мал сатып алынды«Сыбаға» мал шаруашылығын қолдау мемлекеттік бағдарламасы іске
қосылғаннан бері қызылордалық шаруалар несиелік қаржыға 10 мың бас мал
сатып алды.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды..

«Бағдарлама төрт жылдан бері іске асырылып
келеді. Шаруаларға ірі қара сатып алатын қаржыны «Аграрлық кредиттік
корпорация» АҚ беруде», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал
шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғабит Далдабаев.

Жыл басынан бері өңір шаруалары Солтүстік Қазақстаннан 77 миллион теңгеге 439 ірі қара мал әкелді.

«Сонымен
қатар аграрлық құрылымдар «Ырыс», «Алтын асық» секілді мал шаруашылығын
қолдау бағдарламаларына қатысуда. Айтак кткен жөн, алдағы уақытта
малмен айналысатын шаруа қожалықтарының саны артпақ. Өйткені өңірде
жем-шөп өндіру жүйесі жолға қойылып жатыр. Таяуда ғана құрама жем зауыты
іске қосылды», – деп түйіндеді Ғ.Далдабаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз