Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес толастамайды

48

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес толастамайдыАрал.  Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 5 рет тексеру жұмыстары болып, 5 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл жайында аудан прокурорының көмекшісі Әділжан Сыздықов мәлім етті.
«Нұр Отан» партиясы мен аудандық мұрағаттың ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күрес – бүгінгі күннің өзекті мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алғы сөзді «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Алдаберген Жоланов алып жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстарымен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысушы жастар, тұрғын үй, балабақша кезегі турасында және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасындағы туындып отырған кейбір түсініспеушіліктерді ортаға салды. Көтерілген мәселелерге тиісті сала басшылары мен заң органдарының қызметкерлері жауап берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз