Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық кәсіпкерлер форумы

43

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық кәсіпкерлер форумыБүгін Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Бизнесті қорғау және қолдау – басым бағыт» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық кәсіпкерлер форумын өткізді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 
Форум бизнес-ортадағы жемқорлыққа қарсы модельді қалыптастыру, әкімшілік кедергілерді азайту, жемқорлықтың туындауына мүмкіндік беретін себептер мен шарттарды болдырмауға кәсіпкерлердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. 
Құқық қорғау органдары, мемлекеттік кірістер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, облыстық кәсіпкерлік палаталарының басшылығының қатысуымен өткен шарада облыс кәсіпкерлері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Департамент басшысы А.Мұхимов болса, талқыланған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабалданатынын және мемлекеттік органдар тарапынан бизнес өкілдерінің мәселелерін заң талаптарына сәйкес, ақпараттық кеңес беру, әдіснамалық көмек көрсету бойынша жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.
Форум соңында Абзал Сансызбайұлы азаматтық қоғам құруға атсалысып жүрген кәсіпкерлерді арнайы алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыстады. Сонымен қатар, Департамент басшысы іске қабілетті азаматтарды аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуда белсенділікті одан ары арттыруға шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз