Сыбайлас жемқорлыққа байланысты 8 қылмыстық іс қозғалды

49

0

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты 8 қылмыстық іс қозғалдыҮстіміздегі жылдың алғашқы жартысында облыста сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылыққа жол бергені  үшін 33 адам жауапқа тартылған.
Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оның 12-і басшы құрамнан (қала әкімінің орынбасары, қалалық, аудандық әкімдіктердің бөлім басшылары, спорт басқармасы басшысының орынбасары және т.б.). Осы санатта барлығы 8 қылмыстық іс қозғалып, мемлекеттік бюджетке 40 млн. теңге өндірілді. Беларусь Республикасынан жеткізілген автокөліктерді жалған құжаттармен тіркеген Қазалы және Қармақшы аудандық ІІБ-нің жол полиция инспекторларына қатысты ҚР ҚК-нің 314, 307-баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Жаңақорған аудандық прокуратурасымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған бағынысты адамдарға шара қолданбағаны үшін Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылдық округінің әкімі Ж.Әбілхайыровқа қатысты ӘҚБтК-нің 537-бабымен әкімшілік іс қозғалып, сот қаулысымен соңғыға 50 АЕК айыппұл салынды. Сырдария ауданындағы 2 ауылдық округ әкімі қызметінен босатылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз