Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі талқыланды

76

0

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі талқыландыҚызылордада облыс
әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және  облыстық прокуратура алқасының бірлескен
отырысы өтті. Отырыста өңірдегі құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмыстық
ахуалды төмендету мәселесі қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Қырымбек
Көшербаев Елбасының құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік»
қағидасын қалыптастыру тапсырмасы тұрғысында өңірдегі ахуалға талдау жасады. «Қызылорданың
ең қауіпсіз аймақ деп танылғаны қуантады, алайда өңірімізде қылмыспен күрес
және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстың жалпы қарқыны төмен», –  деді облыс әкімі. 
Жиында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан іс-әрекеттер мәселесі
қаралды. «Біз сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында аудан әкімдеріне тұрғын үй
алу кезегі, жер телімін алу мен балабақшаға кезекте тұрғандардың тізімін үнемі
жариялауды міндеттедік. Сондай-ақ, анықталған заң бұзушылықтардың басым
көпшілігі мемлекеттік сатып алу саласында орын алып отырғандықтан, Республикада
алғашқы болып мемлекеттік сатып алу басқармасын құрдық», – деді аймақ басшысы
Қ.Көшербаев.
Сонымен қатар облыс
әкімі аппаратының басшысы Қанатбек Жайсанбаев жергілікті атқарушы органдардағы
құқықтық тәртіп туралы, облыс прокурорының орынбасары Руслан Жоламанұлы облыстағы
сыбайлас жемқорлықпен күрестің жағдайы туралы хабарлама жасады.
Жиын қорытындысында өңірдегі
қылмыстың алдын алу бойынша бірқатар шаралар ұсынылды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз