Сыбайлас жемқорлықсыз қала

30

0

Сыбайлас жемқорлықсыз қалаБүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлықсыз қала» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция ұйымдастырды.
Қала автобустарында Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкерлері қаланың әрбір тұрғыны пара алмау және бермеу керек, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы тиісті органдарға хабарлау керек екендігін түсіндірді.
Акция барысында автобус жолаушыларына сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл мәселелері туралы сұрақтар қойылып, дұрыс жауабын тапқан азаматтарға сыйлықтар таратылды.
Бұдан бөлек, жолаушыларға қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы жөнінде ақпараттар көрсетілген «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға қатысуы» атты жадынамалар ұсынылды.
Іс-ашараның негізгі мақсаты қала тұрғындары арасында құқық бұзушылықтарға қарсы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру, олардың құқықтық мәдениетін арттыру, елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен ақпараттандыру және оған табысты қарсы тұруға кеңінен тарту.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз