Сыбайлас жемқорлықсыз қала

40

0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Жастар ресурстық орталығы «Сыбайлас жемқорлықсыз қала» атты акция ұйымдастырды.
Қалалық жолаушылар автобустарында департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының қызметкерлері тұрғындарға сыбайлас жемқорлық туралы түсініктемелер жүргізіп, құқықбұзушылықтар туралы тиісті органдарға хабарлау керек екендігін жеткізді.
Акция барысында автобус жолаушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы сұрақтар қойылып, жауабын тапқан азаматтарға сыйлықтар таратылды. Бұдан бөлек, жолаушыларға «Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға қатысуы» атты жадынамалар ұсынылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты қала тұрғындары арасында құқық бұзушылықтарға қарсы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен ақпараттандыру және оған табысты қарсы тұруға кеңінен тарту болып табылады.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз