Сүйінші! Биыл 8 мың қызылордалық жер телімін алады

73

0

Жыл сайын жер телімін алып, баспана салған жерлестеріміздің саны көбейіп келеді. Облыстық жер қатынастары басқармасы мамандарының дерегінше биыл да 8 мың қызылордалыққа жер телімі табысталады.
Қазір облыста жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға берілген өтініш саны 110526-ке жетіп отыр, оның 27477-і қанағаттандырылды, қалған 83049 (Арал 4243, Қазалы 6094, Қармақшы 5824, Жалағаш 2161, Сырдария 807, Шиелі 7327, Жаңақорған 3390, Қызылорда қаласы 53203) өтініш арнайы кезекке қойылып отыр.
Биыл табысталатын жер телімінің 4491-сі облыс орталығына тиесілі, аудандар бойынша 3648 учаске берілуі керек.
kyzylorda-news.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз