Сыр бойында жиналған дәнді дақылдардың 98,7% пайызын күріш құрайды

41

0

Сыр бойында жиналған дәнді дақылдардың 98,7% пайызын күріш құрайдыӨткен жылы Қызылорда облысы бойынша 368,6 мың тонна дәнді дақыл
жиналды. Оның 98,7 пайызы – күріш. Сондай-ақ, ашық топырақта өсірілген
72,8 мың тонна көкөніс, 116,9 мың тонна бақша дақылдары және 56,9 мың
тонна картоп алынды. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің
баспасөз қызметі хабарлады.

Дәнді дақылдардың негізгі бөлігі Сырдария
(26,5%), Жалағаш (25,9%) аудандарында өсірілген. Ашық топырақта
өсірілген көкөністер ең көп бөлігі Шиелі ауданында (29,3%) және Жалағаш
ауданында (18,2%), бақша дақылдары – Шиелі ауданында (34,0%) және
Жаңақорған ауданында (21,7%), картоп – Шиелі ауданында (23,8%) және
Жалағаш ауданында (17,8% облыс көлемінен) жиналды.

Дәнді дақылдардың жартысынан көбін шаруа немесе фермер қожалықтары (51,3%) өсіріп, жинады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз