
Бұл тарихи Жолдаудың халық үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы үшін, мемлекеттің 2017 жылға дейінгі даму бағытын және қазақстандықтардың көкейтесті проблемаларын шешуде маңызы зор екендігі атап өтілді.
Сондай-ақ кездесу барысында Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің редакторы Алдажар Әбілов Елбасы Жолдауы туралы «Нұрлы жол» – болашақ бағдары» атты баяндама жасап, ОІІД оқу орталығы бастығының орынбасары, полиция полковнигі О.Асылбаевтың Жолдаудан туындар міндеттер, тапсырмалар жайы қамтылған баяндамасы тыңдалды.
Сыр бойы сақшылары мен сала ардагерлері Елбасы Жолдауын қызу қуаттауда, деп хабарлайды облыстық ІІД-інің баспасөз қызметінен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!