Сыр елінің палуандары «Қазақстан барысына» дайындалуда

51

0

Сыр елінің палуандары  «Қазақстан барысына» дайындалуда4 шілде күні
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан
Барысы» республикалық турнирінің финалдық кездесулері өтеді. Биыл
бесінші мәрте өтетін турнирге Астана, Алматы қалаларынан және облыс
орталықтарынан 33 балуан қатысады.

Қызылорда облысында қатарынан алты рет «Алтын белбеу»
облыстық жарысы ұйымдастырылып, оған
төрт жас ерекшелігі бойынша биыл 7152
спортшы бақ сынасты. Аталмыш сайыстан Нұрым Сәлімгереев «Сыр барысы», Руслан
Әбдіразақов «Сыр арланы» атанған болатын. Бүгінде қос спортшы «Мұз айдыны» спорт кешенінде дайындық
жаттығуларын пысықтауда. Бұл бәсекеге Нұрым бірінші мәрте қатысқалы тұр. Ал Русланның
былтырғы жылы қола жүлдені иеленгенін күллі қазақ елі біледі. Облыста өтіп
жатқан тыңғылықты дайындық барысы 29-шы
маусымда аяқталған соң, балуандар Елордаға жол тартады.

Қазақтың нағыз алыптары күш
сынасатын бәсекеде Сыр елінің намысын қорғауға бел байлаған батырларымызға
жеңіс тілейміз. Қызылорда облысының ұраны
тек кана «Алға»!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз