СЫР ХАЛҚЫНЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ТАЗА АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

38

0

СЫР ХАЛҚЫНЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ТАЗА АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛҒАНҚызылорда облысындағы 261 елді мекеннің 194-і, яғни 74 пайызы
орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Осылайша облыс халқының 95
пайызы таза ауызсумен қамтылды. Айта кетейік, бұл республикадағы екінші
көрсеткіш. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев
халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді.
    Ауылдық су құбыры жүйелерін жаңартуға арналған  13 жобаға 2,4 млрд.
теңге бөлінді. Нәтижесінде, 551 шақырым ауылдық су құбырлары қайта
құрылып, 4 485 бірлік су өлшегіш құралдары қойылды.
    2015 жылы баламасыз және оқшау су жүйелерін құруға 2,3 млрд. теңге
субсидия бөлініп, 300 мыңнан астам халық тұратын 159 ауылдық елді
мекенге жеңілдетілген тарифпен ауызсу берілді.
    Су ресурстары комитетімен бірлесіп Жаңақорған ауданындағы Талап
және Сырдария топтық сутартқышы, Шиелі ауданындағы Жиделі топтық
сутартқышының құрылысы, елді мекендерді жерасты суына көшіру жобалары
жалғасын тапты. Нәтижесінде, Жиделі топтық сутартқышына Шиелі ауданының
Алғабас және Бидайкөл ауылдары қосылды.
    Бұл жұмыстар аяқталған кезде Талап-Сырдария топтық сутартқышына Жаңақорған ауданының 28 елді мекені қосылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз