
Серіктестік бас директорының бірінші орынбасары М.Аралбаев екінші жартыжылдыққа жазылудың қорытындысы туралы хабарлама жасап, осы бағытта жүзеге асырылуы тиісті жұмыстар жоспарын баян етті. Әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.Тәңірбергенова лауазымдық міндеттемелерге енгізілген өзгерістер туралы айтса, жарнама бөлімінің жетекшісі К.Оспанова алты айдағы көрсеткішті саралады.
Осыдан кейін серіктестік өкілдерінің басқосуы «Ақпараттық саясаттың ауқымды міндеттері» атты семинарға ұласты.
Семинарда серіктестік бас директорының орынбасары Қ.Шарабидинов мекемеге қарасты газет пен сайт қызметінің жарты жылдағы көрсеткішіне талдау жасады. Онда 6 айда алға басқан іс пен жаңа медианың дамытудың талаптары туралы кеңінен айтылды. Қатысушылардың тақырыпқа қатысты ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Осыдан кейін облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы Д.Садық ақпараттық бәсекенің бүгінгі бет-бейнесі туралы хабарлама жасаса, қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Ә.Үмбет басылым сайтына журналистерді машықтандыру бағытындағы тәжірибесімен бөлісті. Аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы Ш.Жылмағамбетовтің жергілікті басылым беделін көтеру бағытындағы баяндамасынан кейін семинарды серіктестік басшысы А.Сақыпұлы қорытындылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!