«Сыр Медиа» ұжымы Жолдауды талқылады

88

0

«Сыр Медиа» ұжымы Жолдауды талқыладыБүгін Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде «Сыр Медиа» ЖШС ұжымы ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады. 
«Сыр Медиа» ЖШС-нің бас директоры Аманжол Оңғарбаев Жолдаудың мемлекет дамуындағы маңызын, басым бағыттарын көпшілікке насихаттауда ақпарат құралдарының ролін ерекше атап өтті. Серіктестікке қарасты ақпараттық талдау орталығының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев тарихи маңызды құжатта баса мән берілген цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету міндетін жүзеге асыру мемлекетті алға сүйрейтінін жеткізді. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. 
Жиында сондай-ақ облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Шахарбан Нұртаева, «Сыр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Марат Аралбаев, облыстық «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Тимур Қасымов, облыстық «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Ыдырыс Тәжіұлы ой-пікірлерімен бөлісті.
«Сыр Медиа» ұжымы Жолдауды талқылады«Сыр Медиа» ұжымы Жолдауды талқылады
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз