Сыр мен Арқаны «Нұрлы жол» байланыстырады

58

0

Сыр мен Арқаны «Нұрлы жол» байланыстырадыЖақын уақыттары Қызылордадан Астана мен Алматы, тағы бірнеше облыс орталықтарына тұрақты автобустар қатынайтын болады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит автобанының жергілікті учаскесінің құрылысы аяқталуға жақын тұр. Бұған қоса «А-17 Қызылорда – Жезқазған – Павлодар -Успенка – РФ шекарасы» тас жолында көптен күткен құрылыс басталды. Бұл қос жол Қызылорданы елордамен және тағы бірнеше облыс орталықтарымен байланыстыратын болады. Мамандар үздіксіз қатынайтын автобустардың билеті теміржолға қарағанда едәуір арзан болады деп болжам жасауда.

Тас жолдардың құрылысы аяқталған соң Қызылордада жаңа автовокзал ашу жоспарда бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз