«Сыр үміті» жастар сыйлығы табысталды

45

0

«Сыр үміті» жастар сыйлығы табысталдыКеше халықаралық жастар күнінде қызылордалық бір топ жасқа облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Сыр үміті» сыйлығын табыстады.
Осыған дейін оны әртүрлі салада қызмет етіп жүрген белсенді 90 жас иеленген еді. Бүгін олардың қатары тағы артты. «Сыр үміті» сыйлығы жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін артыру мақсатында 2010 жылдан бастап беріліп келеді. Аймақ басшысы елімізде, оның ішінде облысымызда жастар саясатын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын тілге тиек етті.
– Елбасы тапсырмасымен қолға алынған бағдарламалар аясында жастардың білім, спорт, денсаулық сақтау, мәдениет салалары бойынша қажеттіліктерін қамтамасыз ету тұрақты жолға қойылған. Қазірде Сыр елінің 117 түлегі  шетелде білім алуда. Биыл инвестициялық форумның нәтижесінде 115 түлек Мәскеу, Санк-Петербугтың маңдайалды университеттерінде білім алады. Сыр жастары қайсар рухты, жаңашылдыққа жаны құмар жандар. Сіздер артылған үмітті ақтайды деп зор сенім білідіремін, – деді Қ.Көшербаев.
Қызылордада әлеуметтік парк салынатын болды. Аймақ басшысы салтанатты шарада оның қаржысы шешілгендігін айтып, орталық стадион жанынан бой көтеретінін жеткізді.
Кезекті марапат иелерінің қатарында «24 kz» телеарнасының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Қамбар Бекенов, «Қызық Орда» шығармашылық топ» қоғамдық қорының үйлестірушісі Мұратбек Демесінов, «Жігер» Қызылорда облысы спортшы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрбақыт Асқаров, «Студент Жастар Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абылайхан Сабанбаев, «Қызылорда ньюс» интернет газетінің бас редакторының орынбасары, «Халық» газетінің тілшісі Назерке Саниязова, Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің сержанты Асхат Қошқаров, «Қызылорда облысының ТЖД суда құтқару қызметі» ММ-нің 3 дәрежелі құтқарушысы Ролан Әбдіқалықов,  Қызылорда облысы бойынша Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Елена Рыбина,  «Ақмешіт жастары» газетінің жауапты хатшысы Дастанбек Садық, №4 Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы Бағлан Төлебай, ауыр атлет Алмас Өтешов секілді өз саласының үздік 30 жас бар. Олар «Сыр үміті» сыйлығы өздеріне артылған үлкен сенім және зор жауапкершілік деп біледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз