Сыр өнерпаздары Әзірбайжан жерінде

54

0

Қазақстан мен Әзербайжан республикалары арасындағы дипломатиялық байланыстың 25 жылдығына орай облыстық театр және филармония ұжымдары Әзербайжан Республикасының Баку және Шеки қалаларында өнер көрсетіп жатыр.
Бауырлас елмен мәдени байланысты тереңдете түсуге бағытталған облыстық әкімдіктің бұл бастамасын Қазақстанның Әзербайжан республикасындағы елшілігі, ӘР мәдениет және туризм министрлігі, ТҮРКСОЙ ұйымы қолдады.  
Өнер күндерінің ашылуы қарсаңында Қазақстанның Әзірбайжан республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев облыс делегациясымен кездесіп, сәттілік тіледі.
Өткен жылы алыс-жақын шет елдермен мәдени байланысты нығайту мақсатында облыстық филармонияның «Томирис» би ансамблі Түркияда, АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында өткен Наурыз мерекесіне қатысып, өнер көрсеткен еді. Сонымен қатар осы өнер ұжымы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ресейдің Орынбор қаласында, Ташкентте, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Тараз қаласында және арнайы мерекелік бағдарламалармен елді мекендерде гастрольдік концерттер ұйымдастырды.
 
 
Сыр өнерпаздары Әзірбайжан жерінде
 
 
 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз