Сыр өңірі күріштен рекордтық өнім алды

37

0

Сыр өңірі күріштен рекордтық өнім алдыМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қызылорда облысында жиын-терін науқанының мол табыспен аяқталғаны туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев және бір топ ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жолдаған хат келіп түсті, деп жазылған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтында. 
Хат иелері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, ақ күріштің атасы, дала академигі Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында Сыр өңірі диқандары күріштен бұрын-соңды болмаған рекордтық өнім алғанын хабарлайды. Сыр бойы диқандары 80 мың гектар егістіктің әр гектарынан облыс бойынша 54,9 центнерден өнім алып, ел қамбасына 440 мың тонна күріш құйған.
«Ұлы Даланың қасиетті пұшпағы – Сыр елі халқының атынан диқандарға, малшыларға көрсетіп отырған қамқорлығыңыз үшін Сізге зор ризашылығымызды білдіреміз.
Сыр бойының еңбеккерлері мен барлық тұрғындары атынан Сіздің жасампаз бастамаларыңызды іске асырып, аянбай еңбек ететінімізге сендіреміз!», – деп жазады қызылордалықтар.
Хат авторлары арасында Қазақстанның Еңбек Ері, Күріш өндірушілер мен өңдеушілер ассоциациясының төрағасы А.Ералиев, «Мәди Қажы» атындағы ЖШС төрағасы А.Камалатдин, «Сыр Маржаны» ЖШС директоры М.Өтеев, «Рза Агро» ЖШС директоры Н.Имандосов және өзге де ауыл шаруашылығы саласының белді еңбеккерлері бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз