Сыр өрендері – еcірткіге қарсы

53

0

Сыр өрендері – еcірткіге қарсы Үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір  айларында «Берік  отбасы – есірткіден  алыс!»  ұранымен  облыс  көлемінде  сайыс  ұйымдастырылды. Бұл шара Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасының  талаптарын  орындау  мақсатында қолға алынған.  
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  аталмыш шараның негізгі  мақсаты – жастар  мен  жасөспірімдердің  бос  уақытын  тиымды пайдаланып, жаман  әдеттерден  аулақ  болуға  шақыру. Сайысқа  43  команда  (3 мыңнан  астам  оқушы мен студент)  қатысты. Облыс  көлемінде  ең  жоғары  ұпай жинаған  3  команда  жүлделі орындарды  иеленді. Олардың қатарында  Қызылорда  қаласының  №3  мектеп-лицейі,  Шиелі  ауданының  №48  орта мектебі мен Қазалы  ауданының  Қазалы  аграрлық – техникалық  колледжі бар. Олар алғашқы үздік үші орынды өзара бөлісті. Сондай-ақ, аумақтық  сайыс нәтижелері  бойынша  24  команда  марапатталды. Жоғарыда  аталған  командалардың  барлығы  бір – бір  теледидарды  иеленді. Сонымен  қатар,  сайыс барысында  өзінің  ынталығын  білдірген  80  оқушы,  студент,  ұстаз  марапатталып,  алғыс  хаттар  мен  сыйлықтарын  алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз