Сыр өңірінің спортшылары Паралимпиялық ойындардан 10 жүлде алды

46

0

Сыр өңірінің спортшылары Паралимпиялық ойындардан 10 жүлде алдыСыр елінің спортшылары Паралимпиялық ойындардан 10 жүлдені иеленді,-деп
хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз
қызметінен.

Павлодар қаласында өткен Қазақстан Республикасының 4-ші
Паралимпиялық ойындарында Қызылорда облысының спортшылары 10 жүлде
олжалады. Жарыс суда жүзу, пауэрлифтинг, оқ ату, жеңіл атлетика,
волейбол, үстел теннисі, арбамен билеу сынды спорттың 7 түрінен өтті.
Сыр спортшылары осылардың төртеуінен бақ сынап, 5 алтын, 4 күміс, 1 қола
медальді облыс қоржынына салды. 

Жарыстың алғашқы күнінде пауэрлифтингтен сынға түскен Қызылорда
облысының саңлақтары 4 медальді жеңіп алды. Атап айтсақ, 45 келі
салмакта өнер көрсеткен Кабира Аскарова чемпион атанды. Сонымен қатар,
ол 82 келіні көтеріп, Қазақстан рекордын жанартты. 65 келіде Айбек Абжан
алтын жүлдені иеленсе, 45 келіде Алтынкүл Иманбаева мен 54 келіде
Ерболат Әлімбетов күміс жүлдені еншіледі. 
Найза лақтыру сайысында
Ислам Салимов пен Жоламан Еламан жеңімпаз атанса, Жоламан диск
лактырудан күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, Қолқанат Бакберген
ұзындыққа секіруден алтын жүлде алса, найза лақтырудан қола медальға қол
жеткізіп, Қазакстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Ал волейбол сайысында сынға түскен облыс кұрама командасы 2-орынды
қанағат тұтты. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз