
Рас, біздің аймақта экллогиялық және басқа да себептермен флора мен фауна әлеміне елеулі нұқсан келгені белгілі. Әсіресе, ақбөкен, елік, қарақұйрық секілді аңдар саны кеміген. Сондай-ақ, облыста Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген 70-тен астам өсімдік бар екен. Бір сөзбен айтқанда, біздің өлкеде қорғауды қажет ететін табиғи байлықтар аз емес. Облыстың «Қызыл кітабы» соған қорған болмақ.