Сыр өңірінде 207 шақырым электр желіcі жүргізіледі

76

0

Сыр өңірінде 207 шақырым электр желіcі жүргізіледі«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауының үшінші
бағытында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесі нақты қамтылған.

Бүгін
облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда облыстық энергетика және
тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары
Асылбек Шәменов брифинг өткізіп, аймақ энергетикасының жай-күйі мен
болашағы туралы түсінік берді.

Жалпы Қызылорда облысында электр энергиясының
жетіспейтіндігі рас. Қаладағы жылу орталығы облысқа қажетті электр
энергиясының тек 40 пайызын өндіреді, ал қалған 60 пайызын сырттан сатып
алуға мәжбүр.

«Соңғы 30 жылдан бері қарай аймақтың электр
энергиясына жеткілікті қаржының бөлінбеуі салдарынан электр желілерінің
70 пайызы тозған. Соңғы 4 жылда ғана 3,9 млрд теңге қаржы бөлініп,
жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Президент биылғы халыққа
Жолдауында келе жатқан қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде
мультипликативтік тиімді салаларға қаржыны қайта бағдарлауды ұсынды.
Атап айтқанда, көлік-логистикалық, индустриялық және энергетикалық
инфрақұрылымдарды дамыту маңызды екендігін баса айтты. Соның ішінде 2016
мен 2030 жылдар аралығында Қазақстан электр энергиясы саласына 8,2 трлн
теңге инвестиция тарту көзделген, – дейді Асылбек Өмірбекұлы.

Облыс
аумағында барлығы 9108 шақырым әуелік және кабельдік электр желілері,
117 қосалқы және 1433 трнасформаторлық стансалар бар. Алдағы 4 жылда 207
шақырым электр желілері жүргізіліп, 7 тарату пункті мен 22
трансформаторлық стансалар іске қосылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз