Сыр өңірінде ақбөкен аулаушылар азаймай отыр

41

0

Сыр өңірінде ақбөкен аулаушылар азаймай отырСыр өңірінде  ақбөкен аулаған 2 бракьонер  ұсталды, деп хабарлады ОІІД баспасөз қызметінен.   

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде рейдтік іс-шара жүргізу барысында Сырдария АІІ бөлімі мен «Охотзоопром» РМҚК ӨБ  жедел-тобы қызметкерлері Сырдария ауданы орталығынан 250 шақырым  қашықтықтағы  «Шихан бұлақ» аталатын жерде күдікті ақ түсті джипті байқап, тоқтатады.

Тексеру барысында аталған автокөліктің ішінен заңсыз атылған 10 бас ақбөкен және 6 дана ақбөкеннің кесілген мүйіздері, ІІО-да тіркеуде жоқ 12 калибрлі аңшы мылтығы және 10 дана 12 калибрлі патрондары анықталып, айғақ заттар ретінде алынды.

Бүгінгі күні аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз