Сыр өңірінде солтүстік облыстарға оқуға түскісі келетіндерді тізімдеу басталды

60

0

Сыр өңірінде солтүстік облыстарға оқуға түскісі келетіндерді тізімдеу басталдыҚызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен Сыр өңірінде «Серпін апталығы»
өткізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі
хабарлады.

Апталық мақсаты еліміздің солтүстік өңірлеріндегі жоғары
оқу орындарына оқуға түскісі келетін талапкерлердің тізімін жасау болып
табылады.

Апталық 29 маусымнан басталды. Алғашқы шара
Қызылорда қаласында өтті. Ол 30 маусымда Жаңақорған ауданында №110
мектепте өткізілсе, бүгін, 1 шілдеде Шиелі ауданында болды.

ЖОО және колледждер үшін бөлінген гранттар тізімі www.serpin-2050.kz сайтына шықты. ЖОО грантқа түсу үшін құжаттар қабылдау 23-30 шілде аралығында жүргізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз