СЫР ӨҢІРІНДЕ ТАҒЫ БІР КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

132

0

Қазалы ауданы аумағындағы Сырдария өзенінің Абай, Қарлан және Әлсейт учаскелерінде 3 қалқымалы көпір мен Байқожа елді мекені тұсында 1 жылжымалы паром орналасқан. Байқожа паромы арқылы Ақсуат, Байқожа елді мекендерінің тұрғындары мал жайылымдары мен шабындықтарға және Сарбұлақ, Сортүбек ауылдарына қатынайды. Сондай-ақ, Сарыкөл ауылдық округіне қарасты елді мекен тұрғындары Абай қалқымалы көпірін пайдаланып келеді. Тағы бір айта кетерлігі, Қазалы ауданына Қаратерең, Қызылжар жолаушылар автобустары Әлсейт учаскесі арқылы өтуде. Дегенмен, қалқымал көпір мен паром тұрғындар үшін қиындық тудыруда. Әсіресе, қыс мезгілінде аудан орталығына қатынай алмайтын. Сондықтан, жаңа көпірдің құрылысын бастауға шешім қабылданып, халықтың тілегі орындалды.
Осыған орай, өткен сенбіде, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазалы ауданының Сырдария өзеніндегі Әлсейт учаскесінде көпір құрылысының іргетасы қаланды.
Темірбетон көпірдің ұзындығы 219,45 м құрайды. Автокөлік жүретін бөлігі 2 жолақты және өту бөлігінің ені 7 м. Құрылыс 2019 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Болашақта жаңа көпірден 18 елді мекеннің 15688 тұрғыны аудан орталығына еш қиындықсыз қатынайтын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз