Сыр өңірінде «Қызылорда» туристік Қауымдастығының басшысы сайланды

74

0

Сыр өңірінде «Қызылорда» туристік Қауымдастығының  басшысы сайландыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы аймақта туризм саласын дамыту бағында жан-жақты шаралар қабылдауда. 
Мәселен, жақында Кәсіпкерлер палатасымен Қызылорда облысында туристік қызметті дамытудың Жол картасы әзірленіп, жергілікті атқарушы органға келісім алуға жолданды.
Мұнан өзге, Палатаның сүйемелдеуімен «Саяхатшы-Қызылорда» қоғамдық бірлестігі «Қызылорда облысының көрнекі жерлерінің картасын», аудандарды енгізе отырып аймақтың туризм саласындағы жол-нұсқасын әзірледі. Бүгінде «Саяхатшы-Қызылорда» қоғамдық бірлестігі www.turist-qyzylorda.kz cайтын әзірлеп, жоғарыда аталған құжаттар мен мәліметтерді сайтқа орналастыру жұмыстарын жүргізуде. 
Осы жерде айта кету керек, өңірде 2015 жылы «Қызылорда» туристік Қауымдастығы құрылған болатын. Алайда аталмыш Қауымдастықтың жұмыс жасамай тұрғандығын ескеріп, Кәсіпкерлер палатасы тиісті шаралар қабылдады. 
Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова: «Өңірде туризмді дамыту үшін жүйелі жұмыс жүргізе білетін, саланың дамуына ықпал ететін арнайы ұйым болу қажет. Ондай ұйым біздің облыста құрылған болып шықты, бірақ жұмыс жасамай тұрған. Осы жайтты ескере келе біз «Қызылорда» туристік Қауымдастығының құрылтайшысымен келіссөздер жүргізіп, Қауымдастық басшысын қайта сайлау туралы ұсыныс енгіздік. Нәтижесінде Кәсіпкерлер палатасының алаңында Қауымдастықтың отырысы өткізіліп, бизнес өкілдері Булегенова Сәуле Бақытжанқызын Қауымдастықтың басшысы етіп сайлады», – дейді.  
Сәуле Булегенова бұған дейін «Саяхатшы-Қызылорда» қоғамдық бірлестігін құрып, жоғарыда айтылған карта мен жол-нұсқаны, сайтты әзірлеген болатын.   
Жалпы, қазіргі таңда Қызылорда облысының 15 бағытты қамтитын туристік маршруты бекітілді. Бұлар – ең алдымен Арал ауданының туристік әлеуеті, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран ұшыру алаңы, Жаңақорған ауданының тау сілемдері және өзге де мәдени-ағарту, тарихи және зиярат ету орындары. Туристік маршруттар бойынша «Қызылорда облысының визиттік карточкасы» бекітілді. 
Аймақтың туристік инфрақұрылымы – 85 қонақ үй, 2 сауықтыру мекемесі, 9 балалар сауықтыру лагерлері, 8 мұражай, 559 сәулет-тарихи ескерткіштер және табиғи ресурстармен қамтылған.
Қызылорда облысы 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз