Сыр өңіріне инвестиция салушылардың қатары артты

60

0

Сыр өңіріне инвестиция салушылардың қатары арттыҚызылорда облысында
инвесторлар тарту мақсатында екі жылдан бері «Байқоңыр» инвестициялық форумын
өткізіліп келеді. Бір жылда екі рет өткізілетін форумның төтеуі өтті.
Нтәижесінде барлығы 49 меморандумға қол қойылды. Олардың 11-і – 4-ші форумның еншісінде.
Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

ІV «Байқоңыр»
инвестициялық форумының тақырыбы – «Еуразиялық экономикалық одағы жағдайындағы
Қызылорда облысының жаңа мүмкіндіктері» болды. Мұндай тақырыптың таңдалуы да
жай емес. Себебі облыста елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы
саясатын қолдай отырып, интеграциялық процестерге белсенді араласады.
Мысал ретінде
Татарстан Республикасы мен Кострома облыстарымен қойылған меморандумдарды атап
өтуге болады. Кострома облысымен қарым-қатынас артып келеді.
Форумның бірінші
күні Байқоңыр қаласында Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасы астында
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативті комитеттің алтыншы отырысы
өтті.
«Егер осыған дейін
біз Еуропалық қайта құру және даму Банкі секілді ірі қаржы институттарымен
өзара жобалар мен келісімдер жүргізсек, қазір төртінші форум аясында Еуразиялық
даму банкімен меморандумға қол қойылды. Аталған келісімдер аз уақыт ішінде
өңірімізге пайдасын тигізіп жатыр. Нәтижелі келісімдердің айқын мысалы ретінде
Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 мың тонна болатын табақша әйнек
шығару  және өңдеу зауыты құрылысының
басталуын атап көрсетуге болады. Қызылорда қаласын сумен қамту және
модернизациялау, жылумен қамту және модернизациялау, Қызылорда облысының электр
жүйесін модернизациялау, «ЖанРос Дриллинг» ЖШС-не арналған бұрғылау
құрылғыларын алу бойынша автобус паркін салу. Әрбір қол қойылған меморандумдар
нақты жасалған және жасауға жоспарланған жобаларды іске асырып келеді», – деді
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз