Сыр өңіріне келген көрме қонақтарына этноауыл ұсынылады

60

0

Сыр өңіріне келген көрме қонақтарына этноауыл ұсыныладыСанаулы күндерден кейін Елордада халықаралық көрме жұмысын бастайды. Әлем назарын аударған көрме жайлы, аймақтағы дайындық жұмыстары туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында интернет конференция өтті.
Конференцияға  облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Мұстафаев және «Астана ЭКСПО-2017» ақпараттық ресурстық орталығының директоры Ж.Түсмағамбетов қатысып, қойылған сауалдарға жауап берді.
Сыр өңірінде туристер тамашалайтын екі негізгі нысан меймандарды күтуге әзір. Бірі Байқоңыр ғарыш айлағы мен қаласы болса, екіншісі абыз ата  «Қорқыт ата» мемориалды кешені.
Аймақта көрмеге орай 77 билборд пен 5 шағын сәулеттік көркем нысандар орнатылған. Шараны ілгерілету мақсатында бірнеше бейнероликтер мен мақалалар жарық көріп, өз кезегінде шетелдік жиһанкездерге ғаламтор арқылы таныстыру жұмыстары жүріп жатыр.
Мәселен «Қорқыт ата» мемориалды кешенінде ашылатын этноауылда туристер ұлттық дәстүр көріністеріне куә болып, дастарханнан дәм тататын болады. Олар той көрінісін, зергерлік және қолөнер бұйымдарын, саз өнеріне сусындап, қаймағы бұзылмаған қазақтың салт-дәстүріне қанық болмақ. Сонымен қатар, қонақжайлылығымыз бен сервистік қызметтерді жоғары деңгейде көрсете білу.
Көрме барысында өңірге 500-ден астам турист келу жоспарланып отыр. Оларға туроператорлар тарапынан, қонақүйлерге орналасу жағынан көмектер көрсетілмекші. Сыр елінен шыққан 100-ге жуық еріктілер бүгінде Елордасы мен облыста қызмет көрсетуге даяр тұр. Олар бірнеше тілді меңгеріп, түрлі оқыту курстарынан сәтті өткен. Айта кететін жайт, қонақүйлерде орын тапшылығы болмайды. Конференция барысында онлайн жүйе арқылы бірнеше сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз