Сыр өңірінен 400 отбасы солтүстікке көшуге дайын отыр

56

0

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында биыл оңтүстіктен солтүстікке көш жалғасын табады. Бүгінде Қызылорда облысынан 400 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына көшуге бел байлап отыр, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.     
Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданында да мамандық иелерінің тапшылығы сезіледі. Мысалы, қазір онда мұғалімдер жетіспеушілігі қатты байқалып отыр. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласының мамандары,  электромонтерлер, инженер-механиктер, дәнекерлеушілер де тапшы. Тіпті мемлекеттік қызметте де бос орындар бар.     
Қоныс аударушылар үшін көтерме ақы төленіп, үй жалдауға және коммуналдық қызмет ақыларына қаржы беріледі.  Сонымен қатар, жер телімін алуға да мүмкіндік бар.      
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Ергешбаевтың айтуынша, солтүстік өңірдегі жұмыс берушілер алдымен қоныс аударуға ниет білдіргендерді жұмыс орнымен, тұратын баспанасымен таныстырады.  Сондай-ақ көшіп барғандарды қажет мамандыққа оқыту жағы да қарастырылып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз