Сыр құрылысшылары кәсіпкерлер палатасында бас қосты

55

0

Сыр құрылысшылары кәсіпкерлер палатасында бас қостыҚызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Сыр құрылысшыларымен кездесті.
    Елбасы «Құрылыс – экономиканың локомотиві»  деген еді. Бүгінде
әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан елімізде құрылыс қарқынды даму
үстінде. Аймағымызда бұл сала жыл өткен сайын жанданып, салынатын
құрылыстар қатары көбейіп келеді.
    – Биылғы жылдың өзінде білім, мәдениет, денсаулық сақтау, тұрғын
үй, жол және коммуналдық салаларда ағымдағы және күрделі жұмыстар жүріп
жатыр. Жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар да жетерлік. Жеке
кәсіпкерлердің қаржысымен салынатын ғимараттар саны жылдан-жылға артуда.
Бұлардың барлығы – өңіріміздегі құрыш қолды құрылысшылар ісінің жемісі.
Сондықтан, Сыр елінің түрленіп, архитектуралық сәулетінің көркеюі
жолында талмай еңбек етіп жатқан сала мамандары Сіздерге ризашылығым
шексіз, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек
Жақсылықов.
    «Өздеріңіз білесіздер Қызылорданың ыстығы қандай екенін. Сол
ыстық-суыққа қарамай біздің мамандар бар жігерлерін жұмсап, аянбай еңбек
етуде. Және де сала басшыларының басын қосып, құттықтап отырған
палатаға алғысымыз шексіз», – деді «Нұрай» ЖШС директоры Сейтқали
Алшынбаев.
    Одан кейін сөз алған «Қызылорда облысының құрылысшылары»
Ассосациясының Президенті, «Промстройсервис Е» ЖШС директоры Манарбек
Еспенбетов: «Мен бір кездері кәсіпкерлер палатасына өтінішпен келгенмін.
Жұмысымның оң нәтижесін шығарып берді. Үлкен рахмет Сіздерге»,-деп
алғысын жеткізді.
    Сондай-ақ құрыш қолды құрылысшылар палата төңірегінде тұңғыш рет бас қосып отырғандарын жеткізіп, ризашылықтарын жеткізді.
    Кездесу соңында құрылысшылар еліміздің ірі құрылыс компаниялары мен
кәсіби бірлестік өкілдерін елдің құрылыс саласын дамытуға қосқан,
сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе белсенді қызмет еткені үшін
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арнайы Басқарма Төрағасы
Абылай Исабекұлы Мырзахметовтың және облыстық кәсіпкерлер палатасының
директоры Ғалымбек Жақсылықовтың Алғыс хаттары табысталып, естелік
суретке түсті.
    Қызылорда облысының
    кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз