Сыр сақшылары қайырымдылық акциясына атсалысты

75

0

Сыр сақшылары қайырымдылық акциясына атсалысты2014 жылдың 1 мен  30 тамыз аралығында облыс аумағында жүргізілген «Мектепке жол» акциясына Сыр өңірінің тәртіп сақшылары да атсалысты, деп хабарлайды «Сыр бойы» газеті Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің уақытылы мектеп табалдырығын аттауына ат салысып, ішкі істер органдарында есепте тұрған қолайсыз отбасы балаларының мектепке баруын қамтамасыз ету болып табылады.
Акция барысында ішкі істер органдары қызметкерлерімен арнайы рейдтер ұйымдастырылып, саяжайлар, теміржол,  автовокзалдар мен шатырлар, жертөлелер тексерілді.     
Қазақ елі ежелден жетімін жылатпаған. Осы тұста Сыр сақшылары да тыс қалмай «Мектепке жол» атты акция барысында тұрмысы төмен бірнеше отбасыға, соның ішінде Жонбаева Майраның екі ұлына мектепке даярлық кезінде қолдау көрсетті.  
Домостроительная саяжайында тұратын Сэлнах Анатолий бүгінде 4 баланы өзі тәрбиелеп отыр, себебі балаларының анасы  басқа отбасы құруына байланысты ата-аналық құқығынан айырылған. Бұл отбасының кенже қызы Вера биыл 1 сыныпқа барады екен.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қайтыс болған әріптес Әлімбеков Мараттың отбасына ат басын бұрып, 2 сыныпта оқитын Мұратқа мектепке баратын оқушыларға тиісті мектеп құралдары мен киім-кешектер алып келіп, тарту жасады.  
Санаулы күн қалған жаңа оқу жылын асыға күткен балаларға жасалған сый бұл отбасыларды сәл де болса қуанышқа бөлегені  сөзсіз. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз