Сыр сақшылары жемқорлықпен күрес қағидаларын талқылады

111

0

Сыр сақшылары жемқорлықпен күрес қағидаларын талқыладыҚызылорда ОІІД-нің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықпен күресу,
алдын алу, жолын кесу және қоғамда оның кез келген көрінісіне
ымырасыздық ахуалын қалыптастыру жайы сөз болған жиын болып өтті. Жиынға
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облысы филиалы төрағасының бірінші
орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес төрағасы,
саяси ғылымдарының докторы Болатбеков Өлмесхан Мәделханұлы шақырылып,
Ішкі істер департаментінің бастығы, басқарма бастықтары және жеке құрам
қатысты, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Жиынды Қызылорда ОІІД-і бастығы, полиция полковнигі Ж.Сүлейменов
ашып, жиынның өту тәртібімен және арнайы шақырылған қонақпен таныстырып
өтті.
Бұдан кейін сөз тізгінін Өлмесхан Мәделханұлы алып, «нөлдік
төзімділік» қағидасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және
болдырмау» тақырыбында баяндама оқыды. Өз баяндамасында қоғамның барлық
тобын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қозғалысына тарту мақсатында,
өткен жылы қаржы полициясы, прокуратура, ішкі істер органдары
қызметкерлерінің басын қосып, «Нұр Отан» партиясының жанынан сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес кеңесін құрғандығын атап өтті. Құрылған кеңестің
жүйелі жұмысының нәтижесінде бірнеше орын алған заң бұзушылықтар, көз
қысты, бармақ басты әрекеттері ашылды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес –
қоғам болып жұмыла атқарылатын үлкен міндет. Сондықтан бұл бағытта «Жас
Отан» Жастар Қанаты мүшелерімен, мемлекеттік емес ұйымдары және ерікті
топ өкілдерімен, сондай-ақ Қызылорда ОІІД жанынан құрылған қоғамдық
кеңес мүшелерімен бірлесіп жұмыс жүргізіп, орын алған құқық
бұзушылықтарды анықтау бағытында жүргізілетін рейдттік іс-шараларға
бірге шығу керек деген ұсынысын білдірді.
Жиын сыбайлас жемқорлықпен күресу, алдын алу және жолын кесу шаралары баян етілген бейнеролик көрумен жалғасын тапты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз