«Сыр жастарының антологиясы» жарыққа шығады

39

0

«Сыр жастарының антологиясы» жарыққа шығадыБиыл Қызылорда қаласында жастардың ең үздік шығармаларынан жинақталған «Сыр жастарының антологиясы» жарыққа шықпақ.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың қараша айында өткен қала жастарының дәстүрлі форумында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалық жастардың шығармашылығын дамыту, туындыларын насихаттау, танылмай жүрген таланттарды табу  мақсатында жастардың шығармашылық жинағы шығарылатындығын жеткізген болатын. Қала басшысы биыл бұл мақсатқа бюджеттен арнайы қаржы бөлдірді. 
Маңызды жобаны таныстыру мақсатында ағымдағы жылғы                 17 мамыр күні сағат 11.00-де А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Жыр жүректің жауһары» атты әдеби-сазды кеш өткізіледі. Осы ретте, шығармашылықпен айналысатын барлық жастарды «Сыр жастарының антологиясына» өз шығармаларын ұсынуға және аталмыш кешке қатысуға шақырамыз. Шараны ұйымдастырушы – қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз