
Облысымызда бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Алматы, Байқоңыр қалалары мен Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарынан 230 гимнасшы қатысты. Сайыс кезінде жеке және топтық жаттығу бағдарламалары бойынша 2001-2008 жылдары туылған гимнастшы қыздар өз өнерін ортаға салды. Жалпы командалық есепте Қызылорда облысы 1-орын, Алматы қаласы («Меңсұлу» гимнастика мектебі) 2-орын, Тараз қаласының командасы 3-орынды иеленді.