Сырбойылық Еламан Ерғалиев дзюдодан ҚР чемпионы атанды

47

0

Сырбойылық Еламан Ерғалиев дзюдодан ҚР чемпионы атандыАтырау қаласында 1995-1996 жылдары туылғандар арасында татами шеберлері – дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Аталған жарыста Алматы қаласындағы спорт колледжінің студенті Еламан Ерғалиев 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанды. Ол аудандық №15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, дзюдодан аудан құрама командасының бас бапкері Дархан Алмахановтың үкілеген шәкірттерінің бірі, деп хабарлады Қармақшы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Енді Еламан ағымдағы жылдың қазан айында Араб Әмірліктеріндегі Әбу-Даби қаласында жастар арасында өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз