Сырбойылық оқушылар шахматтан әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

46

0

Сырбойылық оқушылар шахматтан әлем чемпионатында қола жүлде иелендіТаиландтың Паттайя қаласында мектеп оқушылары арасында өткен шахматтан
әлем чемпионатында қызылордалық қос шахматшы табысты өнер көрсетті. Бұл
туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
хабарлады.

№1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған
балалар мен жасөспірімдер мектебінің шахматшы қыздары Самал Әбдуәли мен
Назерке Нұрғали әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді. 13 жасқа
дейін жасөспірімдер арасында сынға түскен Самал швейцар жүйесі бойынша
блицтен 7 турда 5 ұпай жинады. Ал Назерке 11 жасқа дейінгі бәсекеде
классикадан 9 турда 6,5 ұпай жинады.

Әлем чемпионатына барлығы 37 мемлекеттен шахматшылар қатысты.

Блиц бойынша жарыстарды есепке алғанда, әлемнің мықты оқушылары
ондығының қатарына енген Қазақстанның 18 шахматшысының арасында
жерлесіміз Самал Әбдуәли де бар.

Шахматтан облыстың аға жаттықтырушысы Риза Қошқарованың айтуынша, 30
мамыр мен 8 маусым аралығында Сингапурде болатын Азия чемпионатына Әсел
Серікбай мен Назерке Нұрғали қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз