Сырбойылықтар тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетпек

78

0

Сырбойылықтар тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетпекТасқыннан зардап шеккен республика өңірлерінің тұрғындарына сырбойылықтар да көмек көрсетпек.
Қазір аймақтың барлық аудандары мен облыс орталығында азық-түлік пен киім-кешек жиналып жатыр. Сондай-ақ қаржылай көмек көрсетушілер үшін арнайы есепшот ашылды. Әсіресе кәсіпкерлер мен түрлі мекемелер алғашқы күннен-ақ белсенділік көрсетті. Табиғи апат салдарынан шығынға ұшыраған қазақстандықтарды қолдауға жастар ресурстық орталығы бастамашы болып отыр. Кіші буын өкілдері әлеуметтік желі арқылы барша қызылордалықтарға үндеу жариялаған еді. Олардың ізгі ниеті облыс тұрғындарын бейжай қалдырған жоқ. Талғат Тілес, «Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының басшысы: – Бір ауданның өзінен бір «КамАЗ» азық-түлік, киім-кешектер басқа да материалдық көмектер жиналды. Базар орталығынан да қажетті материалдарды қабылдап жатырмыз. Осылардың барлығы арнаға тоғыстырылып, жеті ауданның және қала орталығынан жиналған заттардың барлығы сол елді мекендерге жөнелтілетін болады.
www.24.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз