Сырдария ауданында 8 оқушы «Алтын белгіге» үміткер

40

0

Сырдария ауданында 8 оқушы «Алтын белгіге» үміткерОсыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар,
бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. Әр мектепте соңғы
қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты
оқиға.
    Сырдария ауданы бойынша биыл 415 оқушы мектеп бітіріп, олардың
277-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, соның ішінде 8 оқушымыз
«Алтын белгіге» үміткер.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан бойынша
балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткіші 90 пайызды
құраса, биылғы жылдан бастап 100 пайызға жеткізу мақсатында жұмыстар
атқарылуда. 2015 жылдан бастап республикалық, облыстық бюджеттен
салынатын әлеуметтік нысандардың құрылысын жергілікті бюджет есебінен
қаржыландыруды бастап, бұл бағытта, С.Сейфуллин ауылында 90 орындық
балабақша құрылысы жүргізілуде.
    Сондай-ақ, Қоғалыкөл ауылындағы балабақша ғимаратын қайта жаңғырту,
Қалжан ахун ауылындағы әкімшілік ғимаратты және Тереңөзек кентіндегі
ескі кітапхана ғимаратын балабақшаға лайықтандыру жұмыстары, Тереңөзек
кентіндегі № 6 бала бақша ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, жылу жүйесі
қайта жаңғыртылатын болады. Биыл Шіркейлі ауылындағы 600 орындық және
Шаған ауылындағы 900 орындық жаңа білім ордалары пайдалануға беріледі.
Бұл орайда, ауданда мектептерде орын жетіспеушілік мәселесі толық
шешілетін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз