Сырдария ауданында егін егу жұмысы қарқынды жүруде

60

0

Сырдария ауданы бойынша 2017 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасы облыс әкімімен бекітілген.
Бекітілген сызбаға сәйкес, үстіміздегі жылы 29041 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленіп отыр. Оның ішінде күріш 17400 гектар, жаздық бидай 720 гектар, жүгері сүрлем 200 гектар, мақсары 300 гектар, картоп 308 гектар, көкөніс 187 гектар, бақша 320 гектар, жаңа жоңышқа 2906 гектар және ескі жоңышқа 6700 гектар.
    Ауданда егін егу жұмыстары жүргізілуде.
    Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдарында 6700 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 3111 гектар жаңа жоңышқа, 480 гектар жаздық бидай, 261 гектар арпа және 97 гектар сұлы егіліп отыр.
Тұқым дайындау
Үстіміздегі  жылдың егісіне қажетті 5140 тонна  күріш тұқымы, 529,9 тонна жаздық бидай, 40,6 тонна жоңышқа және 218,4 тонна арпа, 10,2 тонна сұлы тұқымдары дайындалды. Оның ішінде сорттары бойынша маржан 185 тонна, айсәуле 180 тонна, лидер 2944 тонна, янтарь 1687 тонна, анайд 15 тонна, фаворит 54 тонна, титаник 75 тонна.
 «Казагрэкс» АҚ аудандық филиалының 10-шы сәуірдегі мәліметі бойынша аудандық зертқаналық сараптама бөлімшесіне өткізілген 2326,6 тонна күріш тұқымының 2216,6 тоннасы (95,3 %) оның ішінде 394,6  тоннасы I  класс, 1770 тоннасы II класс, 52 тоннасы III класс себу дәрежесіне жеткізіліп отыр.
Минералды тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау
2017 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 10401 тоннаны құрайды. Оның ішінде 3994 тонна сульфат амоний, 3591 тонна карбамид, 2816 тонна амофос минералдық тыңайтқыштарға сұраныс берілді. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың  2617 тонна сульфат амоний, 2747 тонна карбамид, 2073 тонна аммофос минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілді.
Техника және жағар май
Көктемгі дала жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отынын жеткізіп беруші оператор «Нефть-Транс Қызылорда»ЖШС бекітіліп, 2545 тонна дизель отыны  бөлінді. Наурыз айында 670 тоннасы алынды.
Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техникалардың дайындығы 100 пайыз, оның ішінде 437 трактор, 85 соқа, 44 тұқым сепкіш, 72 жүк көлігі қатысуда.
Суармалы су алуға дайындық барысы
Су жүйелерін тазарту жұмыстарына байланысты  ішкі су жолдарын тазалау 451 м3-тен, нақты орындалғаны 336,5 м3, яғни 75,5 пайыз, су құрылыстарын жөндеу меже 75 данадан, нақты жөнделгені 60 дана, 80 пайыз, су тартатын қоңдырғыларды жөндеу меже 3 дана орындалғаны 100 пайыз.
Ауданымыздың негізгі дақылы күріш болғандықтан күріш егілетін жерлер айдалып, тегістеу, тырмалау жұмыстары жүргізілуде.
2017 жылы ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша жоғары көрсеткішке жетіп, сапалы өнім өндіру бағытында жұмыстар жалғасын таба беретін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз