СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

33

0

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫБүгін Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдындағы
есепті кездесуінде телекөпір арқылы Сырдария ауданында 3 мың ірі қара
малға арналған бордақылау алаңы ашылды.
    Айта кетейік, бордақылау алаңы «Қаз Агро Өнім» акционерлік
қоғамының қолдауымен салынып отыр. Кешенде 3000 бас ірі қара мал
бордақыланып, өндірілген ет өнімдері Қызылорда, Байқоңыр, Алматы
қалаларының нарығына шығарылып, бір бөлігі көрші Ресей мен Өзбекстанға
экспортталмақ. Мұнда 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.  
    – «Шаған Жер» серіктестігі ел игілігі үшін осындай жаңашыл
бастамаларды алда да қолдап, оларды жүзеге асыруға дайын. Туған жеріміз,
Сыр елінің  дәулеті мен абыройы арта берсін. Егемен еліміздің мерейі
үстем болсын, – деді «Шаған-Жер» серіктестігінің директоры Бердібек
Қадыров.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз