
Ақназар Сламжанұлы 06.02.1977 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Чунджа ауылында дүниеге келген.
Әскери қызметтегі жолдары: 2000-2002 жылдары Алматы облысы Ұйғыр ауданының әскери комиссариатының инспекторы (арнайы есепке алу бойынша); 2002-2003 жылдары Ұйғыр ауданының әскери комиссариатының 1-ші бөлімше бөлімінің көмекшісі; 2003-2004 жылдары Алматы облысының әскери комиссариатының жұмылдыру бөлімі бастығының көмекшісі (жедел кезекші); 2004-2006 жылдары Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 1-ші бөлім бастығының көмекшісі (жедел кезекшісі); 2006-2008 жылдары Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыру-жұмылдыру бастығының офицері – жедел кезекші; 2008-2012 жылдары Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмылдыру бойынша аға офицері шұғыл жұмыстар жөнінде; 2012 жыл мен 2017 жылдың мамырына дейін Алматы облысы Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!