СЫРДАРИЯ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ АЛТЫН КҮЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

55

0

СЫРДАРИЯ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ АЛТЫН КҮЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫСырдариялық шаруалар алтын күз мерекесін жәрмеңкемен бастады, деп
хабарлайды «қоғам тв» арнасы. Мұнда ауылшаруашылық дақылдарының барлығы
қойылған. Базар бағасынан әлдеқайда төмен өнімдерді сатып алуға аудан
халқы тырысып бағуда. Қап-қап картоп, жуа, күрішті арқалап тасуда.
Қыстың қамын жаз ойлаған тұрғындар жәрмеңкедегі өнімдердің халық
қалтасына ыңғайлы екендігін айтады.
    Аудан әкімінің орынбасары жәрмеңкеге 14 млн. теңгенің өнімі
әкелінгенін жеткізді. Мұнан соң аудандық мәдениет үйінде мерекенің
жалғасы «Алтын дән-2015» салтанатты шарасымен ұласты. Сахнадағы экран
арқылы ауданның ауылшаруашылық саласы бойынша жеткен жетістіктері жайлы
бейнебаян көрсетілді. Бейнебаяннан соң ауданды алға сүйреген әкім
Ғанибек Қазантаев, сөз алып аудан халқын «Алтын күз» мерекесімен
құттықтады.
    Құттықтау сөзінен соң аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлы «Алтын
дән-2015» мерекесінің қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласының
еңбек озаттарын марапаттады. Олардың ішінде озат бақша өсірушілерден
бастап, комбайн жүргізушілері, үздік қырман жұмысшылары бар. Сондай-ақ,
ауданның ауыл шаруашылығы саласының жетістіктерін өз дәрежесінде
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған журналистер де марапаттаудан
шет қалмады. Мәдениет үйіндегі егінжай ерлерінің құрметіне арналған
мерекелік шараны эстрада жұлдыздары Роза Әлқожа мен Заттыбек Көпбосынов
ән шашуымен жалғады. Заттыбек Көпбосыновтың әніне көрермендер билеп,
риза болысты. Ал, Роза Әлқожа «Сырдария» атты жаңа әнін аудан тұрғындары
алдында алғаш шырқап, халықтың қошеметіне бөленді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз