«Сырдария» лагеріндегі қызықтар

89

0

«Сырдария» лагеріндегі қызықтар2017 жылдың маусым айының 8-де 153 бүлдіршін демалып жатқан «Сырдария» қалалық тынығу–сауықтыру жазғы лагеріндегі ұл-қыздарға  Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мамандары «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары, Қызылорда облысы ТЖД  мамандарымен бірігіп ғаламат мереке өткізді.  
Іс шара барысында Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты З.Салмырзаұлы балаларға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау  мен отпен ойнаудың қауіптілігі жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар құтқарушылар бүлдіршіндерге арнап автотехникалар және авариялық құтқару жұмыстары барысында қолданылатын арнайы жабдықтардың көрмесін дайындады. Барлық демалушы балалар арнайы құтқару құрал-жабдықтардың техникалық мінездемесімен және қолдану жұмыстарымен танысты. Іздестіру-құтқару жұмыстарын көрсеткен кинологиялық есеп жұмысы балалардың негізгі назарында болды.
«ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары  техника қауіпсіздігі ережелерін және альпинисттік құралдарды қолдану тәсілдерін түсіндірді.
Балаларға кейбір құрылғы заттар мен ережені шынайы түрде көрсетуі қызығырақ болды. Өрт сөндірушінің шлемі, өрт сөндіргіш құралы, жең, өрт сөндіру автокөлігі – мұның барлығы кішкентай оқушылардың назарын аударды. «Өртті сөндір» байқауында оқушылардың нақтылығы мен жылдамдығы тексерілді.  «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында эстафета мен викторина да ұйымдастырылды. Байқау мен сайыстан соң қорытынды жасалып, жеңімпаздар марапатталды.
Айгүл Нұрманова
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз