Сырдарияда 20 өзге ұлт өкілдері тұрады

45

0

Сырдарияда 20 өзге ұлт өкілдері тұрадыСырдария. Ауданда 40 мыңға жуық халық тұрса, оның 1,2 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Жалпы ауданда 20 өзге ұлт өкілдері қоныстанған. Барлығы да әр түрлі салада табысты еңбек етуде. Мемлекеттік тілді де жетік меңгерген. 
Бүгінде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының 68 бастауыш ұйымы және онда 2300-ден астам мүшелері бар. Негізі бастауыш ұйым аудандағы барлық мектептер мен ауруханаларда және 55 мекеменің 43-де құрылып, тұрақты жұмыс жасап келеді. «Тәуелсіз еліміздің тірегі болып саналатын ана тіліміздің қоғамда қолданылуы мен насихатталуының, оның өз дәрежесіне лайық мәртебеге ие болуының барысын талқылауға арналған облыстық семинар-кеңес болып өтті. Семинарға барлық ауданнан «Қазақ тілі» қоғамының төрағалары қатысып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен, оның ішінде әрбір мекемеде құрылған қоғамның бастауыш ұйымдары қызметімен танысып, тәжірибе алмасты» делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз