Сырдарияда 6 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге аспақ

39

0

  Сырдарияда 6 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге аспақСырдария. «Тіректі ауылдарды дамыту» шеңберінде ауданға қарасты Ақжарма ауылында бірқатар жобаларды іске асыру межеленіп отыр. Басты мақсат ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын тиімлі іске асыра отырып, кешенді дамыту болып табылады. 
Биылғы жылы ауылда индустриялық-инновациялық 6 жобаны іске асыру көзделген. Олар – кірпіш зауыты, күріш ақтау цехы, құрама жем зауыты, мал бордақылау алаңы, сүт өндіру зауыты мен мал сою пункті. Жобалардың жалпы құны – 149 млн.теңгені құрайды. Аталған жобалар іске асырылған кезде 87 тұрақты жұмыс орны ашылады де күтілуде. Сондай-ақ, сүт зауыты мен мал бордақылау алаңының жұмысын дамыту бағытында «Ақжарма-2» шаруа қожалығы биылғы жылы асыл тұқымды ірі қара мал басын 288 басқа, 2015 жылы 368 басқа көбейту жоспарланған. Сонымен қатар тіректі ауылды дамыту шеңберінде ауылдың әлеуметтік нысандарын да күрделі жөндеуге 364,8 мың теңге бөлу қарастырылып отыр.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз