Сырдарияда «Алтын күз – 2014» спартакиадасы өтеді

57

0

Сырдарияда «Алтын күз - 2014» спартакиадасы өтеді 9-12 қазан аралығында Сырдария ауданында ауыл
спортшыларының XXVIII «Алтын күз – 2014» спартакиадасы басталады. Жарысқа облыстың барлық 7 ауданынан 1000-ға
жуық спортшы қатысады. Сайыс спорттың 15 түрінен волейбол, футбол, баскетбол, гандбол,
қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, гір спорты,
қол күрес, үстел теннисі және президенттік көпсайыс бойынша өткізіледі, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Мақсаты – бұқаралық спортты
дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл
спортшыларының рухын көтеру және Елбасы жолдауынан туындайтын шараларды іске
асыру. Сондай-ақ, «Алтын күз» спартакиадасы ұлттық спорт түрлерін қайта жаңғыртып,
тұрғындар арасында кеңінен насихаттауға, ауыл жастарын достыққа, патриоттық
сезімге тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
 Спартакиаданың салтанатты ашылуы 9
қазан күні сағат 18.30-да стадионда өтеді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз