Сырдарияда Қаңлы Жүсіптің ескерткіші ашылды

126

0

Сырдарияда Қаңлы Жүсіптің ескерткіші ашылдыСырдария ауданының орталығы – Тереңөзек кентінде қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар сөз зергерлерінің бірі, Сыр сүлейі – Қаңлы Жүсіптің 140 жылдық мерейтойына орай ақынның еңбектеріне арналған ғылыми конференция және ақын ескерткішінің ашылу рәсімі болып өтті. 
Қаңлы Жүсіп ХІХ ғасырдың соңғы жылдары дүниеге келген. Оның ақындық толысу кезеңі өткен ғасырдың алғашқы жылдары. Ал сол тұста қазақ поэзиясы, әсіресе, поэзиядағы заман көрінісі туралы сөз болғанда ақын шығармалары өз дәуірінің әлеуметтік тіршілігінен, арпалысынан оқшау болуы мүмкін емес. Тәуелділікке душар болып, ата қоныс, құт мекенінен айрылған халық зары, ел, жер қорғаушы батыр ұлдары аңсаған ел арманы, отарлаушылармен қоса ел ішіндегі басбұзар-атқамінерлердің қыспағына ұшыраған қазақ қайғысы – барлығы да осы кезең поэзиясының өзекті тақырыбына айналған. Сыр бойы ақындары арасында сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік оқиғаларды, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді, сондай-ақ замана қайшылықтарын шынайы суреттей білген. Ақын қаламынан туған «Ту көтер тұтас болып дараланбай», «Заман», «1916 жыл», «Ерлерім хикаясын еттім дастан» сияқты саяси лирикалары мен «Бірлік туына», «Сауранбайға» атты арнауларын осы тақырыптағы шоқтығы биік шығармалар қатарына жатқызуға болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз