СЫРДАРИЯДА АУДАН ӘКІМІНІҢ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

45

0

Бүгін аудандық спорт кешенінде аудан әкімінің балаларға арналған «Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл» атты шыршасы өтті. Оған аудан мектептерінен жиналған көпбалалы отбасынан шыққан, түрлі білім бәсекелерінде топ жарған, сабақтарын үздік оқыған оқушылар қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова құттықтау сөз сөйлеп, балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Аудан 2017 жылды табысты қорытындылап отырғанын айтқан Балшекер Сұлтанбекқызы келесі жылы да жүйелі жұмыстар жалғасын таба беретінін жеткізді. Сонымен бірге, аудан әкімінің атынан барлық оқушыларға мерекелік сыйлықтар табыс етті.
Жаңажылдық шырша салтанаты барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Балалар би билеп, әуелете ән шырқады. Аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламадан кейін балалар аудан әкімінің ең тәтті сыйлығы торттан ауыз тиді. Жалпы, соңғы төрт жыл бойы аудан әкімінің бастамасымен ауданда түрлі деңгейдегі басшылардың қатысумен өтетін корпоративтік кештерді болдырмау қолға алынып, оның орнына мүмкіндігі шектеулі балаларға, тұрмысы төмен отбасыларға сыйлықтар үйлестіру жақсы жолға қойылған.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз