Сырдарияда ауыл кәсіпкерлерінің үлесін арттыру көзделуде

40

0

Сырдарияда ауыл кәсіпкерлерінің үлесін арттыру көзделудеСырдария ауданы кәсіпкерлерінің белсенділігі мен құқықтық мәдениетін әлі де болса арттыруды қажет етеіліп отыр. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
 2014 жылдың 1 қаңтарына 1415 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, олардың 71-і заңды тұлғалар және 1344 шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер. 2012 жылмен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 101,6 пайызды құрап отыр. Осы орайда аудан басшылығы шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуда кездесетін мәселелерді айқындау және алдағы уақытта кәсіпкерлікке түсетін ауырпалықты болдырмау мақсатында бүгін кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген мәжілісін ұйымдастырды. Ауданымызда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ауыл кәсіпкерлерінің белсенділігінің төмендігі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына олардың қатысу деңгейі көрсетіп отыр. Аталған бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері аудан бойынша субсидиялау үшін 7 жоба қолдау тапса, ондағы ауыл кәсіпкерлерінің үлесі мүлдем жоқ. Осыған орай, аудан әкімі Ғ.Қазантаев биылғы жылдан бастап ауыл әкімдерінің шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарының рейтингісін енгізуді тапсырды. Сондай-ақ, рейтинг қорытындысы тоқсан сайын шығарылып отыратын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз